Шетелдегі Қазақстан азаматтарына төлқұжат беру мерзімі қысқарады

925

eGov.kz порталы арқылы әлемнің 23 еліндегі Қазақстан азаматтарына электронды қызмет көрсетіліп жатыр. 

Шетелдегі Қазақстан азаматтарына төлқұжат беру мерзімі қысқарады

Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазір әлемнің 23 еліндегі кез келген қазақстандық неке қиюға немесе бұзуға, тууды, қайтыс болуды және атын, тегін, әкесінің атын өзгертуге қатысты өтінішті eGov.kz порталы арқылы бере алады", – деді министр.

Бағдат Мусиннің айтуынша, алдағы уақытта шет мемлекеттердегі Қазақстан азаматтарына төлқұжат беру мерзімі қысқарады. 

"Бүгінгі таңда құжат 80 күн әзірленеді. Бұған ақпараттық жүйенің жоқтығы және құжаттардың дипломатиялық поштамен жіберілетіні себеп болып тұр. Мәскеу елшілігінде қанатқақты жоба іске қосылды. Шара шеңберінде төлқұжат беру мерзімін 30 күнтізбелік күнге дейін шегеру көзделіп отыр. Болашақта шет мемлекеттерде база орнатылады. Ол бізге төлқұжат беру мерзімін 18 күнге қысқартуға мүмкіндік береді", – деді Бағдат Мусин.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу