Шетелдегі қазақстандық азаматтардың паспорты жылдам дайындалады

599

Корея, Өзбекстан және Жапония аумағында тұрып жатқан Қазақстан азаматтарының паспорты енді 30 күнде дайын болады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігіне сілтеме беріп. 

Шетелдегі қазақстандық азаматтардың паспорты жылдам дайындалады

Бұрын бұл жұмыс 80 күнге созылатын.

"Қазақстан Сыртқы істер министрілігі мен Ішкі істер министрлігі пилоттық жобаны іске асырып жатыр. Осы қазан айынан бастап қолжетімді. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімін 80 күннен 30 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік берген пилоттық жоба бұған дейін Ресей, Германия мен АҚШ-тағы ҚР шетелдік мекемелерінде сәтті жүзеге асырылып келді", – деп жазылған ресми ақпарда.

Алдағы уақытта мұндай мүмкіндік туғызатын елдер саны арта түседі деп жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу