Актілік жазбаның тіркелгені туралы Қазақстанның тиісті шет елдердегі мекемесінен хабарлама алған кезде өтініш беруші дайын куәлікті Қазақстанның шет елдердегі елшілігінен немесе консулдығынан алуы қажет. Бүгінгі таңда бұл мүмкіндік әлемнің 20-дан астам нүктесінде бар.
Қызметтерді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мен Цифрлық даму, инновациялар, аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Сыртқы істер министрлігімен және Әділет министрлігімен бірлесіп іске асырған.
"eGov.kz. порталының "Отбасы" бөлімінде неке қиюды немесе оны бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін тиісті қызметті табу, қажетті жолдарды толтыру және консулдық алым төлемі туралы түбіртекті жүктеу, бұдан әрі ЭСҚ немесе SMS-пароль арқылы сұрау салуға қол қою қажет. Осыдан кейін ерлі-зайыптылардың бірінің жеке кабинетіне өтінімді келісу қажеттілігі туралы хабарлама жіберіледі. Ол қажетті жолдарды толтырады және сұрауға қол қояды. Қызмет көрсету мерзімі - 1 ай", - делінген хабарламада.
Шетелде баланың тууын тіркеу үшін пайдаланушы қажетті жолдарды толтыруы, сұралған құжаттарды, консулдық алымды төлеу туралы түбіртекті жүктеуі және өтінішке қол қоюы керек. Қызмет көрсету мерзімі - 3 жұмыс күні. Атын, тегін, әкесінің атын өзгерту үшін дәл осындай әрекеттерді орындауыңыз керек, бірақ мерзімі 30 күнтізбелік күнді құрайды.
Қайтыс болуды тіркеу кезінде қайтыс болған адамның ЖСН-ін көрсету, қажетті жолдарды толтыру және сұрау салуға қол қою қажет. Қызмет 1 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
Аян Бекенұлы