Шетелдегі қазақстандықтар жалпыұлттық санақтан тыс қалмайды

663

Үкімет отырысында Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов жалпыұлттық санақ 2 тәсілмен жүргізілетінін еске салды. 

Шетелдегі қазақстандықтар жалпыұлттық санақтан тыс қалмайды

Sanaq.gov.kz мамандандырылған сайтында 45 күн интернет-сауалнама ұйымдастырылады. Бұдан бөлек ел арасында дәстүрлі сауалнама өткізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz бюро басшысының сөзіне сілтеме жасап. 

Нұрболат Айдапкеловтің айтуынша, жалпыұлттық санақтан Aitu Messenger отандық мобильді қосымшасы арқылы өтуге мүмкіндігі беріледі. Бұған қоса egov.kz электронды үкімет сайтының басты бетіндегі sanaq.gov.kz сілтемесі арқылы онлайн режимде санақ парағын толтыруға болады. 

"Жалпыұлттық санаққа атсалысқысы келген тұрғындар Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, әкімдіктерде, пошта бөлімшелерінде, мектептер мен сауда орталықтарында орналасатын арнайы ұйымдастырылған нұсқаушылық учаскелерде санақтан өте алады. Онда айтылған деректердің қамтылуын және дұрыстығын тексеру үшін респонденттердің 10%-ын бақылап, аралап өту жоспарланып отыр. 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда халық санағы басталады, ол 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында онлайн режимде және 1-30 қазан аралығында дәстүрлі түрде өтеді", – деді Ұлттық статистика бюросының басшысы. 

Нұрболат Айдапкелов шетелдегі қазақстандықтар жалпыұлттық  санақтан тыс қалмайтынын айтты.  

"Тұрақты тұрғындар, еліміздің азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар жалпыұлттық санақтан өтеді. Сондай-ақ қызметтік міндетін орындап, шетелде жүрген азаматтарымыз, "Болашақ" бағдарламасы және студент алмасу бағдарламалары бойынша оқитын студенттер, шетелге демалысқа, емделуге немесе қонаққа кеткен туристер де санақтан өтеді. Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген немесе пана іздеген қоныс аударушылар, сондай-ақ 12 айдан аз, уақытша елде жүрген шетелдіктер де санаққа алынады", – деді Ұлттық статистика бюросының басшысы.

Оның түсіндіруінше, "Ұлттық статистика бюросы шетелдегі азаматтарымыздың санағын өткізуді ұйымдастыру мақсатында ҚР Сыртқы істер министрлігімен өзара іс-қимыл тәртібі туралы бірлескен бұйрық бекіткен. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу