Шетелдегі отандастарымыздың дауыс беруі жоғары белсенділікпен өтіп жатыр

181

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Орталық референдум комиссиясында өткен брифингіде шетелдегі қазақстандықтардың референдумда белсенді дауыс беріп жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шетелдегі отандастарымыздың дауыс беруі жоғары белсенділікпен өтіп жатыр Фото: СІМ

"Азаматтарымыздың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету үшін Қазақстанның шет елдердегі мекемелері жанынан 59 мемлекетте 74 учаскелік референдум комиссиясы құрылған болатын. Дауыс беретін сайлаушылардың жалпы саны – 12 307. Сағат 08.15-тегі жағдай бойынша, шетелде 26 учаскелік референдум комиссиясы жұмысын бастады. 48 учаскенің ашылуы күтілуде. Жақын арада Орта Шығыс және Еуропа елдерінде орналасқан учаскелер өз жұмысын бастайды", – деді ол. 

Вице-министр шетелдегі референдум учаскелерінің ішінде ең соңғы болып АҚШ-тың Сан-Франциско қаласныдағы учаске ашылатынын айтты.

"Жалпы шетелдегі азаматтарымыздың дауыс беру үрдісі жоғары белсенділікпен өтіп жатқанын байқап отырмыз. Уақыт айырмашылығына байланысты соңғы болып Астана уақытымен сағат 16.00-де Вашингтон, Нью-Йорк, Оттава қалаларындағы және Астана уақытымен сағат 20.00-де Сан Франциско қаласындағы референдум учаскелері жұмысын бастайды", – деді Роман Василенко.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу