"Алдағы уақытта көліктерді заңсыз әкелудің барлық арналарын жабу үшін батыл шаралар қабылдау қажет. Бұл ретте ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген осындай автомобильдермен ахуалды реттеу қажет. Оларды заңды ету үшін кәдеге жарату (утильалым – авт.) және бастапқы тіркеу үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын мөлшерде бірыңғай алымды біржолғы тәртіппен қолдануды ұсынамын", – деді Тоқаев.
Бұл шара іздестірілмеген және кедендік "тазартудан" өткен автомобильдерге қатысты болуы тиіс екенін айтты президент.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу