Шетелден 6 мыңға жуық адам дер кезінде елге қайтарылды

854

3748 адам арнайы ұйымдастырылған чартерлік рейспен әкелінді.

Шетелден 6 мыңға жуық адам дер кезінде елге қайтарылды

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова баспасасөз маслихатында туристерді елге қайтаруда мемлекет тарапынан жасалған көмек жайлы айтып өтті.

"Бүгінгідей штаттан тыс жағдайда шет мемлекеттерде жүрген демалушыларға қолдау көрсету мақсатында 2016 жылы Үкіметтің қаулысымен туристік "Қамқор" қоры құрылған болатын. Елде төтенше жағдай жарияланған тұста шетелге шыққан 5913 адамды дер кезінде ұйымдастырған түрде елге қайтардық. 1821 азамат жоспарлы түрде қайтарылса, 3748-і арнайы ұйымдастырылған чартерлік рейспен әкелінді. Тағы 342 адамды шетелдік әуе тасмалдаушылармен келісіп, арнайы бағыттар арқылы елге жеткіздік", – деді министр Ақтоты Райымқұлова.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу