Шетелден әкелінген көлігін заңдастыратын тұлғалар қандай төлем жасауға міндетті?

637

Шетелден көлік алғандар 200 мың теңге мөлшеріндегі бастапқы алымнан басқа да төлемдер жасауы қажет.  

Шетелден әкелінген көлігін заңдастыратын тұлғалар қандай төлем жасауға міндетті? Фото: avto-nomer.ru

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының м.а. Қайсар Сұлтанбаев шетелден әкелінген көлігін заңдастыратын тұлғалардың қандай төлем жасайтынын түсіндіріп өтті, деп жазады inbusiness.kz

Спикердің айтуынша, шетелден әкелінген көлікті заңдастыруға өтінішті электрондық үкімет порталы арқылы немесе арнайы ХҚКО-ға жеке өтініш жасау арқылы беруге болады. Ұсынылған құжаттар мен көлік құралын ІІМ базалары бойынша тексергеннен кейін автомобиль арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары жанындағы тексеру пунктіне нөмірлік агрегаттарды салыстыру үшін ұсынылады.

"Егер деректер базасы бойынша тексерулер және нөмірлік агрегаттарды салыстыру сәтті өтсе, иелері 200 мың теңге мөлшерінде бастапқы алымды, техпаспорт пен мемлекеттік нөмір үшін мемлекеттік баж салығын, сондай-ақ қажет болса – кедендік баждарды төлейді. Тіркеу бекітілгеннен кейін автомобиль иесіне қазақстандық техпаспорт және мемлекеттік нөмір беріледі", - деді ведомство өкілі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу