Шетелден әкелінген көліктерді тіркеу - бір реттік шара

720

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепёха мәлімдеді, деп жазады Inbusiness.kz тілшісі.  

Шетелден әкелінген көліктерді тіркеу - бір реттік шара Фото: caspiantoday.kz

Ол шетелдік автомобильдерді нақты заңдастыру бір реттік акция екенін ескертті.

"Бұдан былай Қазақстан азаматтары шетелдік есепке алынған автомобильдерді сатып алғаннан кейін оларды Қазақстан Республикасында уақтылы тіркеу туралы талаптарды сақтауы қажет (10 жұмыс күні ішінде).

Заңдастырудан өтпеген немесе 2022 жылғы 1 қыркүйектен кейін әкелінген және Қазақстан азаматтары жалпы тәртіппен тіркемеген автомобильдер ел аумағында заңсыз пайдалануда болып, барлық туындайтын құқықтық салдарлармен есептелетінін тағы да назарға аламын", - деді министрдің орынбасары Игорь Лепёха.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу