Шетелден анықтамасыз келген 557 жолаушы ПТР тапсырды

996

2021 жылдың 14 ақпанында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат.

Шетелден анықтамасыз келген 557 жолаушы ПТР тапсырды Фото: Максим Морозов

Кеше елімізге 17 халықаралық әуе рейсімен (Ұлыбритания, Германия, Мальдив Республикасы, Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина және Ресей Федерациясынан) 2328 жолаушы келген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетінің ақпаратына сүйенсек, келген жолаушылардың  771-інде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған, ал 557-і анықтамасыз келген.

Оның ішінде:

  • Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 444 жолаушы, анықтамамен - 1 145, анықтамасыз - 299;
  • Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 884 жолаушы, анықтамамен - 626; анықтамасыз - 258.

"Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде",– деп жазылған хабарламада.

Ал 13 ақпанда анықтамасыз келіп, тексеру үшін карантиндік стационарға жатқызылған жолаушылардың бәрінің COVID-19 жұқтырмағаны анықталды.

"Анықтамасыз келген барлық 342 ҚР азаматтарының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті",– дейді комитеттен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу