Шетелден аударымдар көлемі қысқарған

973

2019 жылдың қаңтар және желтоқсан айлары аралығында шетелден халықаралық ақша аударымы жүйесі арқылы жіберілген қаражат көлемі 344,6 млрд теңге болды.

Шетелден аударымдар көлемі қысқарған

Ресей мен Оңтүстік Кореядан ақша аударымы жүйесі арқылы шамамен 200 млрд теңге аударылды. Бұл 2019 жылғы көрсеткіш.

Жалпы, аударым көлемі шамамен 5%-ға қысқарған, деп хабарлайды Ranking.kz басылымы. 
2019 жылдың қаңтар және желтоқсан айлары аралығында шетелден халықаралық ақша аударымы жүйесі арқылы жіберілген қаражат көлемі 344,6 млрд теңге болды. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4,8%-ға кем. 

2018 жылғы көрсеткіш 2017 жылғымен салыстырғанда 18,2%-ға артық болған еді. 
Ресейден ҚР-ға аударылған ақша көлемі 28,5%-ға азайып, 129,6 млрд теңге болды. Ал Оңтүстік Кореядан келген қаражат мөлшері, керісінше, 15,7%-ға өсіп, 65,7 млрд теңгеге жетті. Өзбекстаннан 31 млрд теңге (+30,6%), Қырғызстаннан 30,1 млрд теңге (−0,6%)  жіберілген. 
АҚШ-тан жасалған аударым 45,2%-ға көбейіп, 19 млрд теңге болды. 

Ақша аударымы жүйелері ішінде ресейлік "Золотая Корона" көш бастап тұр: 150,8 млрд тг. Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 22%-ға кем. Екіші орында Western Union: 82,3 млрд тг (+6,9%). Одан кейін MoneyGram: 43,6 млрд тг (+36,7%).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу