Шетелден әуе рейстерімен келетін жолаушыларға талап күшейтілді

748

Сәуірдің басынан бері елге 251 адам анықтамасыз келіп, 2 жолаушыдан індет анықталды.   

Шетелден әуе рейстерімен келетін жолаушыларға талап күшейтілді Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және вакцинация жүргізу барысы туралы брифингте ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлім етті, деп хабарлады inbusiness.kz порталы.

"Шетелден әуе рейстерімен келетін жолаушыларға талап күшейтілді. Енді бортқа теріс нәтижесі бар ПТР-тест анықтамасы жоқ жолаушылар отырғызылмайды. Бұл әлемдегі эпидемиологиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты қабылданған қаулы. Сәуірдің басынан бері елге әуе рейстерімен анықтамасыз келетіндер саны қысқарды. Мәселен, сәуірдің 13-не дейін анықтамасы жоқ 251 жолаушы келіп, 2 жолаушыдан індет анықталды. Ал наурыз айының сәйкес кезеңінде елге 4900-ге жуық адам келсе, олардың  ішінде 16 коронавирус жұқтырған жолаушы тіркелді. Көрсеткіштер бірден 19 есе төмендеген", – деді Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу