2017 жылдың қаңтар-мамырында Қазақстандықтар шетелден 189,7 млн долларға 9,2 мың жеңіл автокөлік сатып алған. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады.
Бұл көрсеткіш 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 43,3 пайызға өскен.
Ресейден 97,9 млн долларға 5,5 мың көлік әкелінген. Жеткізілген тауар 19,5 пайызды құрады.
Жапониядан 54 млн долларға 1,3 мың көлік импортталған. 2017 жылды басынан бері бұл көрсеткіш 64,6 пайызға ұлғайды.
Сондай-ақ, Америкамен — 14,4 млн долларға (360 көлік), Германиямен — 7,6 млн долларға (162 көлік), Өзбекстанмен — 5,6 млн долларға (1,1 мың көлі), Түркиямен — 5,2 млн долларға (449 көлік) сауда жасалған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу