Шетелден емделуге келетіндер саны артты

1059

Шетелден емделуге келетіндер саны артты

Бүгін Алматы қаласына жұмыс сапары барысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Репродуктивті медицина институтының (РМИ) ЭКҰ орталығына барды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Бақытжан Сағынтаев ғимаратты аралау барысында тіркеу бөлімінің, колл-орталықтың, жұмыс кабинеттерінің және ЭКҰ-зертханаларының жұмысымен танысты. 

Айта кету керек, 2017 жылы ЭКҰ орталығында жергілікті әкімдік қаражаты есебінен 300 алматылық отбасы тиісті медициналық көмек алды, кезекте әлі шамамен 700 адам тұр.

РМИ директорының айтуынша, көрсетілетін медициналық қызмет бағасының арзан болуына қарамастан, шетелдік аналогтардан кем түспейді. Дәрігерлердің жоғары біліктілігі, заманауи жабдықтар мен Қазақстан заңдарының бейілділігі шетелдіктердің көп келуіне жол ашуда.

Екі жылдың ішінде Алматыға Түркиядан, ҚХР-дан, Германия, Ресей және АҚШ-тан келген емделушілердің саны медициналық туризм желісі бойынша бірнеше есеге артты. Жыл сайын РМИ клиникасы 3 000-ға дейін отбасын қабылдай алады.  

Айта кетсе, 2017 жылы Алматы облысының денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 48,4 млрд теңге қарастырылған. 1 қазандағы жағдай бойынша 31,6 млрд теңге немесе жылдық жоспардың 65,3% игерілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу