Шетелден импортталатын шиналардың көлемі артты

432

2025 жылдың қаңтар-тамыз айларында елімізге шетелден 6 миллионнан астам шина мен дөңгелек әкелінді.  

Шетелден импортталатын шиналардың көлемі артты Фото: np.kz

Бұл былтырғымен салыстырғанда 12 пайызға көп. Импорттың жалпы құны 396,4 миллион долларды құрап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Негізгі үлесті жеңіл көліктерге арналған шиналар иеленді – 4,5 миллион дана, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,2 пайызға жоғары.

Импорттың басым бөлігі Қытайдан жеткізілді – 3,1 миллион дана (+22,9%). Екінші орында Ресей тұр, алайда ол жақтан әкелінген көлем бір жылда үштен біріне азайып, 706,8 мың дана болды. Бұдан бөлек, шиналар мен дөңгелектер Оңтүстік Кореядан – 219,3 мың (+26%), Жапониядан – 158,5 мың (+42,5%), Венгриядан – 35,1 мың (+158,3%), Филиппиннен – 33,1 мың (+24,7%), Германиядан–  31,8 мың (-18,3%) және Таиландтан – 31 мың дана (+1,6 есе) әкелінді.

Сондай-ақ Қазақстан автобус доңғалақтарына арналған шиналарды 777,4 мың дана көлемінде сатып алған (+9,7%). Бұл өнімдер Қытай, Ресей, Вьетнам, Түркия, Таиланд, Оңтүстік Корея, Жапония және Испаниядан жеткізілді.

Ауыл шаруашылығы техникасына арналған шиналар Ресей, Беларусь, Қытай, Үндістан және Түркиядан импортталды. Мұндай өнімдердің көлемі 26,6 пайызға өсіп, 89,2 мың данаға жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу