Шетелден қаржы алатын тұлғалар салық органдарына есеп беруге тиіс

482

Мемлекеттік кірістер комитеті биылғы бірінші жартыжылдықта шетелдік көздерден ақша немесе өзге де мүлік алған тұлғалардың тізімін жариялады.

Шетелден қаржы алатын тұлғалар салық органдарына есеп беруге тиіс

Шетелден қаржы алатын тұлғалар салық органдарына есеп беруге тиіс. Әділет министрі Азамат Есқараев заң жобалау қызметі мәселелері бойынша кеңестен кейін БАҚ өкілдерінің сауалына осылай жауап берді.

Еске сала кетсек, кеше мемлекеттік кірістер комитеті биылғы бірінші жартыжылдықта шетелдік көздерден ақша немесе өзге де мүлік алған тұлғалардың тізімін жариялаған еді. Онда түрлі салада жұмыс істейтін 240 ұйым мен азаматтың аты-жөні және жеке деректері көрсетілген. Ішінде ақпарат құралдары, құқық қорғау ұйымдары мен қоғамдық қорлар, халықаралық ұйымдар бар. Министр бұл жұмыстар қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес жүргізілуі керек екенін айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу