Шетелден Қазақстанға 24,9 млрд теңге аударылды

895

Өткен айда халықаралық ақша аудару жүйесі арқылы шет мемлекетке 102,9 млрд теңге жөнелтілді. 

Шетелден Қазақстанға 24,9 млрд теңге аударылды

2020 жылдың мамырымен салыстырғанда ақша аударымының көлемі 39,6%-ға көп болды. Бұл туралы Ұлттық банктің қаржы нарығындағы ахуал туралы есебінде жазылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

"Жөнелтілген аударымдардың жалпы көлемінен Қазақстаннан тыс жерге транзакциялардың жалпы санынан 81,3% және транзакциялардың жалпы сомасынан 94,4% немесе 102,9 млрд теңге бағытталды. Қазақстан бойынша ақша аударымы жүйелері арқылы транзакциялардың жалпы санынан 18,7%  және жалпы сомасынан 5,6% жүргізілді. Шетелден халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы 24,9 млрд теңгеге 0,1 млн транзакция алынды", – деп нақтылады Ұлттық банктің баспасөз қызметі. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу