Шетелден Қазақстанға ақша аударымдары 21%-ға қысқарды.

670

Көрсеткіштер соңғы төрт жылдан бері бірінші рет төмендеді.     

Шетелден Қазақстанға ақша аударымдары 21%-ға қысқарды.

2020 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында қазақстандықтарға шетелден ақша аударымдары жүйесі арқылы 205,1 млрд теңге жіберілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 21,4%-ға төмен. Бұған дейін төрт жыл қатарынан транзакциялар көлемі тек артып келген, деп хабарлады ranking.kz. 

Аударылған ақшаның үштен екі бөлігі төрт елге тиесілі. Мұнда Ресей көш бастап тұр. Көрші елден Қазақстанға 57 млрд теңге аударылған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 есе төмен. Одан кейінгі орында Оңтүстік Корея (38,2 млрд теңге), Қырғызстан (24,4 млрд теңге) және Өзбекстан (22 млрд теңге).

Ал халықаралық ақша аударымдары жүйесінің ішінде "Золотая Корона" алда тұр. Аталған жүйе арқылы елімізге 

96,6 млрд теңге аударылған. Көрсеткіш  2019 жылдың қаңтар-қыркүйегінен 15,4%-ға төмен. Одан кейінгі орында Western Union (48,2 млрд теңге) және MoneyGram (25 млрд теңге).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу