Қазақстанға шетелден аударылған ақша көлемі 19%-ға азайған

884

Қаржының көп бөлігі – 67,9 млрд теңге Ресейден аударылған.

Қазақстанға шетелден аударылған ақша көлемі 19%-ға азайған

2020 жылдың қаңтар-қарашасы аралығында ақша аударымдары жүйелері арқылы елімізге 258,4 млрд теңге қаржы бағытталды. Бұл бір жылда көрсеткіш 18,5%-ға төмендегенін айғақтайды. Мұндай үрдіс соңғы екі жылдан бері жалғасып келеді, деп хабарлады ranking.kz. 

Қаржының көп бөлігі – 67,9 млрд теңге Ресейден аударылған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 43,7%-ға кем. Сонымен қатар елімізге ақша аударатын мемлекеттер қатарындағы Ресей үлесі 38,1%-дан 26,3%-ға төмендеген. 
Одан кейінгі орында ақша аударымдарының көлемі 21,7%-ға азайып, 47,1 млрд теңгені құраған Оңтүстік Корея. 

Дегенмен Өзбекстан мен Қырғызстаннан ақша аударымдарының көлемі 16,3% және 12,3%-ға артқан. 

Аударымдар жүйелерінің ішінде 125,5 млрд теңге көрсеткішімен, әдеттегідей, "Золотая Корона" көш бастап тұр. Одан кейінгі орында Western Union (61,7 млрд теңге) мен MoneyGram (31,1 млрд теңге).

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу