Шетелден Қазақстанға аударылатын қаражат көлемі азайып келеді

988

Елімізде қаражаттың басым бөлігі "Золотая Корона", Western Union, MoneyGram жүйелері арқылы аударылады

Шетелден Қазақстанға аударылатын қаражат көлемі азайып келеді Фото: inbusiness.kz

Шетелден Қазақстанға аударылған қаражат көлемі 12,7%-ға азайған, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылдың қаңтарында Қазақстанға халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы 19,6 млрд теңге жіберілген. Бұл 2020 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 12,7%-ға аз. Осылайша, екінші жыл қатарынан халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы шетелден алынған қаражат көлемі азайып отыр.

Елімізге қаражат жиі аударылатын елдердің арасында Ресей көш басында: осы жылдың қаңтарында 4,2 млрд теңге аударылған. Бұл 2020 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 35,1%-ға аз. 

Кейін тізімде Өзбекстан (3,3 млрд теңге, +32,4%), Оңтүстік Корея (3,2 млрд теңге, −31,7%) тұр.

Сонымен қатар Қырғызстан (2,4 млрд теңге), АҚШ (2 млрд теңге) және Германиядан (1,1 млрд теңге) да айтарлықтай қаражат аударылған.

2021 жылдың қаңтарында халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы алынған соманың көлемі бойынша үздік 5 елге жалпы көлемнің 77%-дан астамы келеді.

Аударылған қаражаттың басым бөлігі Ресейге тиесілі: 21,5%. Өткен жылы бұл көрсеткіш 28,9% болған еді. 

Бір жылда Өзбекстан Қазақстанға аударылатын қаражат көлемі бойынша үлесін 11,3%-дан 17,1%-ға дейін арттырды, ал Оңтүстік Кореяның үлесі, керісінше, 20,6%-дан 16,1%-ға дейін азайды.

Ақша аударымдары жүйелерінің арасында "Золотая Корона" көш бастап тұр: 11,1 млрд теңге (+8,5%). Кейін тізімде Western Union (4,6 млрд теңге) және MoneyGram (2,5 млрд теңге). Үздік үштікке халықаралық ақша аударымдары жүйесі арқылы шетелден алынған қаражаттың жалпы көлемінің 93,3%-ы келеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу