Шетелден келетін қант көлемі азайды

1433

ЕАЭС елдері соңғы жеті айда Қазақстанға 120 мың тонна қант сатқан.

Шетелден келетін қант көлемі азайды

Биылғы жылдың алғашқы жеті айында еліміз Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден 59 млн долларға, 120,5 мың тонна қант сатып алған. ТМД елдерінен (ЕАЭО-ға мүшелерді қоспағанда) 3,1 млн долларға 6,7 мың тонна өнім импорттаса, одан өзге елдер Қазақстанға 41,6 млн долларға 125,9 тонна қант саудалаған. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 9,2%-ға төмен көрсеткіш.  

Статистиклық мәліметтерге сүйенсек, 2019 жылдың қаңтар – шілде аралығында Қазақстанға ең көп 41,6 млн долларға 125,9 тонна қант саудалаған – Бразилия мемлекеті. Одан кейінгі орында 48,1 млн долларға 95 мың тонна өнім тасмалдаған – Ресей тұр. Ал Беларусь – 9,9 млн долларға 23,5 мың тонна, Польша – 6 млн долларға 13,4 мың тонна қант импорттаған. 

Бір ерекшелігі биыл еліміз Кубадан қант сатып алмаған. Ал 2018 жылы Қазақстан "бостандық аралынан" 12 млн долларға 30 мың тонна өнім тасмалдаған. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін 2019 жылдың қаңтар-сәуір аралығындағы көрсеткіштерден елімізге құрғақ қантты импорттау көрсеткіші төндегені белгілі болды. Сонымен қатар, Павлодар облысында "аспан асты елінен" тартылатын инвестиция негізінде қант зауытын салу жоспарланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу