Шетелден келген 15 азамат коронавирусқа тексеріліп жатыр

777

2021 жылдың 8 сәуірінде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат.

Шетелден келген 15 азамат коронавирусқа тексеріліп жатыр Фото: inbusiness.kz

8 сәуірде Қазақстанға Германия, ҚХР, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 28 халықаралық әуе рейсімен 4409 жолаушы келген. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, олардың 4394-інде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған, ал 15 азамат анықтамасыз келіпті, деп жазады inbusiness.kz.

"Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде",– дейді комитеттен.

7 сәуірде шетелден анықтамасыз 21 азамат келген болатын. Олардың бәрі ПТР-тест тапсырған.

"Анықтамасыз келген 21 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті",– деп хабарлады комитет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу