Шетелден келген 2 қазақстандықтан COVID-19 анықталды

507

Олар Ыстамбұл – Нұр-Сұлтан рейсінің жолаушылары.

Шетелден келген 2 қазақстандықтан COVID-19 анықталды

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, 2020 жылы 19 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Швейцария, Мысыр, Түркия, БАӘ, РФ, Беларусь Республикасы, Қырғызстан және Өзбекстаннан 18 халықаралық әуе рейсі келді.

2 008 әуе жолаушыларының ішінде теріс нәтижесі бар ПТР-тест анықтамасымен 1 771 адам, анықтамасыз 237 Қазақстан азаматы келді.

Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына – 13 рейс, 1 331 жолаушы, анықтамамен – 1 183, анықтамасыз - 148;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 499 жолаушы, анықтамамен - 438; анықтамасыз - 61;
- Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 178 жолаушы, анықтамамен - 150; анықтамасыз - 28.

Анықтамасыз Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тест тапсырды және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

"Ал 2020 жылдың 18 желтоқсанында анықтамасыз келген 210 азаматтың ПТР-талдауларының нәтижелері бойынша Ыстамбұл – Нұр-Сұлтан рейсімен келген 2 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды", - деп жазылған комитет таратқан хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу