Шетелден келген 211 жолаушы ПТР-тест тапсырды

709

2021 жылдың 16 наурызында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат.

Шетелден келген 211 жолаушы ПТР-тест тапсырды

Кеше елімізге Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, Ресей Федерациясы, Грузия, Өзбекстан және Қырғызстаннан 27 халықаралық әуе рейсі келген. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, 3 429 адам ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен келсе, 211 жолаушыда анықтама болмаған, деп жазады inbusiness.kz.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 17 рейс, 2 366 жолаушы, анықтамамен – 2 195, анықтамасыз - 171;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 584 жолаушы, анықтамамен - 568; анықтамасыз - 16;

Шымкент қаласының әуежайына – 4 рейс, 543 жолаушы, анықтамамен - 519; анықтамасыз - 24;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 147 жолаушы анықтамамен келген.

"Анықтамасыз келген қазақстандықтар COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленіп, қазір карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде",– дейді комитеттен.

Ал 15 наурызда шетелден анықтамасыз келгендердің бәрінің ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу