Кеше елімізге БАӘ, Мысыр, Түркия, Оңтүстік Корея, Испания, Германия, Украина, Ресей Федерациясы, Грузия, Өзбекстан және Қырғызстаннан 27 халықаралық әуе рейсі келді. 3 279 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен – 3 005 адам, анықтамасыз 274 қазақстандық келді, деп хабарлайды inbusiness.kz. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.
"Анықтамасыз келген азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленіп карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде",– дейді комитеттен.
Ал 8 наурызда шетелден анықтамасыз келген 101 азаматтың ПТР-талдауының нәтижесі шықты. Коронавирус Минск – Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан анықталды.