Шетелден келген 412 жолаушыда ПТР-тест анықтамасы болған жоқ

1135

Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитет 2021 жылдың 19 наурызында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпараттармен бөлісті.  

Шетелден келген 412 жолаушыда ПТР-тест анықтамасы болған жоқ

2021 жылдың 19 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына ҚХР, Шри-Ланка, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 32 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлады inbusiness.kz порталы. 

4 733 әуе жолаушыларының ішінде теріс нәтижесі бар ПТР-тест анықтамасымен 4 321 адам, анықтамасыз 412 ел азаматтары келді.  

Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 16 рейс, 2 377 жолаушы, анықтамамен - 2 110, анықтамасыз - 267; 

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 301 жолаушы, анықтамамен - 1 241; анықтамасыз - 60; 

Шымкент қаласының әуежайына – 5 рейс, барлық 797 жолаушы анықтамамен келген;  

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 7 жолаушы анықтамамен келген;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 130 жолаушы, анықтамамен - 67; анықтамасыз - 63;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 121 жолаушы, анықтамамен - 99; анықтамасыз - 22.

Анықтамасыз Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 18 наурызында шетелден Қазақстанға анықтамасыз 357 адам келді. Олардың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу