Шетелден келген 43 жолаушы тексеріліп жатыр

698

24 наурызда халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат.

Шетелден келген 43 жолаушы тексеріліп жатыр

2021 жылдың 24 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Италия, Мальдив Республикасы, Корея Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Моңғолия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 42 халықаралық әуе рейсі келді. 5 176 әуе жолаушыларының 5 133-інде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болса, ал 43 қазақстандық анықтамасыз келген, деп хабарлайды inbusiness.kz Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 22 рейс, 2 813 жолаушы, анықтамамен - 2 781, анықтамасыз - 32;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 727 жолаушы, анықтамамен - 716; анықтамасыз - 11;

Шымкент қаласының әуежайына – 9 рейс, барлық 1 115 жолаушы анықтамамен келген;

Ақтау қаласының әуежайына – 3 рейс, барлық 471 жолаушы анықтамамен келген;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 50 жолаушы анықтамамен келген.

"Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде",– дейді комитеттен.

23 наурызда шетелден анықтамасыз келген 32 азаматтың ПТР талдауының нәтижесі шықты.

Екі жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Оның бірі Ыстамбұл – Алматы, екіншісі Киев – Нұр-Сұлтан рейсімен келген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу