Шетелден келген көліктерді заңсыз тіркегендер мемлекетке 1,5 млрд теңгеден астам залал келтірген

257

Соттың санкциясымен барлық заңсыз тіркелген көлік құралдарына тыйым салынды. 

Шетелден келген көліктерді заңсыз тіркегендер мемлекетке 1,5 млрд теңгеден астам залал келтірген Фото: freepik

Қаржылық мониторинг агенттігі материалдық пайда алу мақсатында алыс шетелдерден көлік құралдарын заңсыз бастапқы тіркеуді жүзеге асырған адамдар тобын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Олар 2021 жылдың маусым-тамыз айлары аралығында жүйелі негізде материалдық сыйақы үшін Павлодар облысында 150-ден астам жүк көліктерін бастапқы тіркеуге заңсыз қоюды жүзеге асырғаны анықталды.

Олар алғашқы тіркеу үшін алым төленгені туралы жалған түбіртектерді пайдаланып, ақпараттық жүйеге көрінеу жалған мәлімет енгізген. Бұл жайт бастапқы тіркеу үшін төлеуден жалтарып, мемлекетке жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеден астам залалға әкеп соқтырды.

Соттың санкциясымен барлық заңсыз тіркелген көлік құралдарына тыйым салынды, күдіктілерге қатысты "қамауда ұстау" және "үй қамаққа алу" түріндегі бұлтартпау шаралары таңдалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу