Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ

587

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша 2020 жылғы 4 желтоқсанынд Қазақстан Республикасының аумағына Венгрия, Литва, Пәкістан, Мысыр, БАӘ, Түркия, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 16 халықаралық әуе рейсі келді. 

Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ

1 898 әуе жолаушыларының ішінде теріс нәтижесі бар ПТР-тест анықтамасымен 1 695 адам, анықтамасыз 203 адам келді. Олардың барлығы ел азаматтары.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына - 9 рейс, 1 298 жолаушы, анықтамамен - 1 142, анықтамасыз - 156;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 6 рейс, 478 жолаушы, анықтамамен - 433, анықтамасыз - 45;
- Атырау қаласының әуежайына - 1 рейс, 122 жолаушы, анықтамамен - 120, анықтамасыз - 2.

"Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тест тапсырды. Барлық 203 азаматтың тест сынамалары теріс нәтиже көрсетті",- деп жазылған хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу