Шетелден ПТР анықтамасыз келген азаматтар тексерілуде

816

1 сәуірде халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат.

Шетелден ПТР анықтамасыз келген азаматтар тексерілуде

2021 жылдың 1 сәуірінде Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Иран, Түркия, Украина, Ресей Федерациясы, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 37 халықаралық әуе рейсі келді. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарлауынша, 4 685 әуе жолаушыларының 4675-інде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар, ал анықтамасыз 10 қазақстандық келген, деп жазады inbusiness.kz.

Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 17 рейс, 2 324 жолаушы, анықтамамен - 2314, анықтамасыз – 10;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 10 рейс, барлық 1 293 жолаушы анықтамамен келген;

Шымкент қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 009 жолаушы анықтамамен келген;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 59 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Ал 31 наурызда шетелден анықтамасыз келген 29 азаматтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу