Шетелден сәлемдеме алған қазақстандық студент 15 жылға сотталды

121

Бас көлік прокуратурасы Таиландтан есірткі заттарын жеткізіп, оларды Қазақстан аумағында таратқан студенттің ісі туралы мәлімет жариялады.  

Шетелден сәлемдеме алған қазақстандық студент 15 жылға сотталды Фото: kaztag.kz

Жерлесіміз сот үкімімен 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Прокурорлардың айтуынша, оқуынан шеттетілген студентке қатысты аса ауыр қылмыс бойынша қозғалған іс сотта қаралған.

Ол Таиланд Корольдігінен Қазақстан Республикасына аса ірі мөлшерде есірткі заттарын жөнелтуге, сондай-ақ оларды қоғамдық орындарда "жасырып кету" әдісімен бірнеше рет өткізуге қатысты жасалған аса ауыр қылмыс бойынша айыпталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу