Шетелден шақырылған судьялар АХҚО төрелік сотының құрамына кірді

978

Шетелден шақырылған судьялар АХҚО төрелік сотының құрамына кірді

Дубай мен Катардағы халықаралық қаржы орталығында жұмыс істеп, тәжірибе жинаған Британияның судьялары "Астана" (АХҚО) халықаралық қаржы орталығы төрелік сотының құрамына кірді, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

"Астана" халықаралық қаржы орталығы сотының төрағасы болып тағайындалған лорд Гарри Кеннет Вульф Англия мен Уэльс соттарының тұңғыш Лорд-Жоғарғы судьясы, Катар халықаралық қаржы орталығы сотының тұңғыш президенті, Гонконг соты апелляциялық инстанциясының бұрынғы судьясы және Англия банкінің қаржы нарығы жөніндегі құқықтық комитеттінің бұрынғы төрағасы қызметін атқарған.

Төрағадан бөлек тоғыз шетелдік судья қаржы орталығының сотында дау шешетін болады.

АХҚО тәуелсіз соты өз қызметін осы жылдың қаңтарында бастады. Сот коммерциялық және азаматтық дауларды ағылшын сот ісі қағидалары негізінде АХҚО-ның ресми тілі болып табылатын ағылшын тілінде қарастырады.

Қазақстан Республикасының "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы конституциялық заңына сәйкес, АХҚО соты АХҚО қатысушылары арасындағы дауларды қарастыруда ерекше құзырға ие.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу