Шетелден ұшып келген 39 жолаушыдан індет анықталған

515

6 қазаннан бері елімізге халықаралық әуе рейстерімен 44 мыңнан аса жолаушы ұшып келді.

Шетелден ұшып келген 39 жолаушыдан індет анықталған

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Байғабылов Сәдуақас осылай деп мәлімдеді. 

"6 қазан рұқсат беру шаралары күшіне енгелі бері Қазақстанға халықаралық әуе рейстерімен 44 834 жолаушы ұшып келді. Оның басым бөлігі, яғни 84%-ы шетелдіктер. ПТР-тест анықтамасы жоқ 7 540 жолаушы келді. Оның бәрі де ПТР-тест тапсыру үшін 2 күнге карантиндік стационарға жатқызылды. Осы 7540 адамның 39-ынан COVID-19 анықталды",  – деді Сәдуақас Байғабылов. 

Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің дерегінше, екі күндік карантинге Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Қарағандыға келген жолаушылар жатқызылған. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу