Шетелдік 80 туроператор Астанаға келді

1259

Шетелдік 80 туроператор Астанаға келді

Елордада "Welcome to Astana" ақпараттық туры аясында шетелдік және отандық туроператорлар үшін диалогтық алаң құрылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Қытайдан, Ираннан, ТМД елдерінен келген 80 туроператор "Астана Конвеншн бюро" ЖШС ұйымдастырған турға қатысты. Олар операторлармен қарым-қатынас орнатып, бірқатар келісімге келді.

"Welcome to Astana" ақпараттық турының алғашқы екі күнінде біз Астанадағы қонақүйлерді, медициналық, спорттық және мәдени, білім нысандарын араладық. Қазақстан астанасының "Бәйтерек", "Нұр-Әлем" сияқты бірегей ғимараттарында болып қайттық. Туризм саласы бірлескен жұмысты талап етеді. Ол қалалар, елдер арасындағы достықты нығайтып, адамдарды жақындастырады", - дейді ресейлік экскурсия жетекшісі Вера Попович.

"Астана Конвеншн бюро" ЖШС-нің бас менеджері Әсел Қарбаеваның айтуынша, Астанада қазіргі таңда туризм саласының түрлі бағыттарын дамыту шаралары қолға алынып отыр.

"Біздің қалада оқиғалық туризмді дамытудың зор мүмкіндігі бар. Бұл тұрғыда Астананың әлеуеті зор. Өйткені бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдері Қазақстанның астанасын бейбітшілікке бастайтын орта ретінде таниды. Халықаралық деңгейде орын алып жатқан шиеленістер осы жерде шешіледі десем, қателеспеймін. Осындай халықаралық форумдар, конференциялар және басқа да шараларға көптеген туристер келуі мүмкін. Мысалға, жер жүзіне танылған мамандардың шеберлік сағаттарына қатысқысы келетін бар. Туризмнің аталмыш бағытын дамыту жұмыстарына алдағы уақытта көп көңіл бөлінетін болады", - деп атап өтті Әсел Қарбаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу