"2022 жылғы қазанның соңында KCSD-де депозитарлық қызмет көрсетуге қабылданған бағалы қағаздар шығарылымының саны жыл басынан бері екі есеге жуық ұлғайды, жыл басындағы 1 316 шығарылымнан 10 айдың қорытындысы бойынша 2186 шығарылымға дейін көбейді. Өсімнің негізгі себебі – KCSD-де депозитарлық қызмет көрсетуде тұрған шетелдік бағалы қағаздар шығарылымдарының ұлғаюы. Осы жылдың 1 қарашасында басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздардың индикативті көлемі 11 млрд доллардан асты. Сонымен бірге, ең үлкен сан америкалық бағалы қағаздар шығарылымдарына тиесілі", - деп түсіндіреді Әділ Мұхамеджанов.
Шетелдік бағалы қағаздардың жаңа шығарылымының жартысына жуығы (47,4%) облигациялар болды. Қазанның соңындағы шетелдік облигациялар шығарылымдарының саны жыл басынан бері үш еседен астамға өсті (165-тен 572 шығарылымға дейін).