Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Сенат кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Евгений Кочетовтың сөзінше, келісімшарттарда шетелдік әртістер орындауға міндетті талаптар нақты көрсетілмек.
"Біз әкімдіктерге көмектесетеін боламыз. Бұл міндеттемелер бірінші кезекте орындаушының айтатын композицияларына қатысты. Олар елдің ұлттық құрылымына нұқсан келтірмей, порнографияны, есірткі қолдануды насихаттамауы тиіс. Яғни, заңға қайшы кез келген контентке жол берілмейді. Егер барлығы дұрыс болса, әртіс белгілі бір қалада өнер көрсете алады", – деп түсіндірді вице-министр.
Бұдан бөлек әртістердің шығармашылығында тыйым салынған тақырыптар бар болған күннің өзінде оларды орындамауға ұсыныстар бермек.