Шетелдік аспаз: Қазақстанда әр отбасындағы әйел тамақты өзі әзірлеп береді

1223

Шетелдік аспаз: Қазақстанда әр отбасындағы әйел тамақты өзі әзірлеп береді

Әлемнің жиырмадан астам мемлекетінде жұмыс істеген бас аспаз Қазақстанда әйелдердің отбасында өз қолымен тамақ әзірлейтініне қызығады. Бұл туралы ол аbctv.kz  тілшісіне берген сұқбатында айтты.   
"Франциядағы әйелдер көбінесе дүкеннен тез пісетін тамақтарды сатып алады. Өйткені олардың тамақ пісіріп отыратын уақыты жоқ. Ал Қазақстанда әр отбасындағы әйел адам, оның ішінде әжелер ерлер мен балаларға  тамақты өздері әзірлеп береді. Меніңше, бұл өте жақсы дәстүр. Шет мемлекетте қарттармен, ата-әжелермен дәл сіздердегідей  отбасылық берік байланыс орнатылмаған.  Сондықтан  қазақстандықтар- ға қарағанда француздар фастфуд өнімін көп пайдаланады",- дейді ол.

Айта кетсек, аспаздық өнердің қыр-сырын бес саусағындай білетін француздық Андре Пьенуар (Andre Piednoir) осыдан 3 жыл бұрын Алматыдағы Ritz-Carlton қонақүйінің ашылуына арнайы шақыртумен келген. Бүгінде ол Астанадағы Ritz-Carlton қонақүйінде қызмет етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу