Шетелдік автокөліктер 27 қаңтардан бастап техникалық тексеруден өткізіледі

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. 

Шетелдік автокөліктер 27 қаңтардан бастап техникалық тексеруден өткізіледі Фото: АВТО INFO

2023 жылдың 27 қаңтарынан бастап міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің операторы Қазақстанның барлық аумағында шетелдік автокөлік құралдарына техникалық тексеруден өту мүмкіндігін қамтамасыз етті, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл ретте шетелдік нөмірлі автокөлік иелері немесе жүргізушілері 1815 техникалық тексеру орталығының кез келгенінен міндетті техникалық байқаудан өте алады.

Аталған орталықтардың мекенжайлары мен жұмыс уақыты ведомствоның сайтында (құжаттар бөлімінде) жарияланған тізімде көрсетілген.

Еске сала кетейік, былтыр 30-шы желтоқсанда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңына қол қойылған еді.

Соған сәйкес "Жол қозғалысы туралы" Заңында қарастырылған 88-баптың 1-бөлігіне басқа мемлекеттерде тіркелген автокөлік құралдары Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген немесе кірген сәттен бастап, 90 күнтізбелік күн асқан бойда міндетті техникалық байқаудан өткізілуіне байланысты толықтырулар енгізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу