Шетелдік автокөліктерді заңдастыруға уәде берген алаяқ ұсталды

336

Қолыма нөмір әкеліп бергенде қуанып қалдым.

Шетелдік автокөліктерді заңдастыруға уәде берген алаяқ ұсталды   Фото: Pixabay

Ақтау қаласының тұрғындарынан 7 млн 700 мың теңге талап еткен алаяқ анықталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Күдікті шетелдік көліктерді заңдастыруға уәде беріп, бірнеше тұрғынды алдап соққан. Келтірілген материалдық залалдың жалпы мөлшері нақтыланды.

Ақтау полиция басқармасына бес тұрғыннан өтініш келіп түсті.

"Жәбірленушілердің айтуынша, "Е" есімді адам шетелдік автокөліктерді заңдастыруға уәде беріп, ақшалай қаражат алып, уәдесін орындамаған. Келтірілген материалдық залалдың жалпы мөлшері 7 млн 700 мың теңгені құрайды. Полиция қызметкерлері 27 жастағы ер адамды анықтап, ұстады", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл факт ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.    

"Мен Армениядан әкелінген көлігіме ешқандай қиындықсыз қазақ елінің мемлекеттік нөмірін алып берем деген соң сеніп, 1 млн теңге бердім. Қолыма нөмір әкеліп бергенде қуанып қалдым. Бірнеше айдан соң тексертсек, көлігім әлі де армян елінің базасында тұрған болып шықты. Нөмір де, ақша да жоқ. Қатты қиналдым. Заңсыз жолға, оңай әдіске жүгінгеніме өкінемін",- дейді Ақтау қаласының тұрғыны Гүлбахрам Әділова.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу