Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Сұлтанбаев мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.
"Көрсетілген қағидаларда автокөліктер қандай жағдайларда 200 000 теңге алымын төлей отырып және утиль алымынан босатыла отырып, заңдастыруға жататын нақты өлшемшарттар белгіленген", – деді спикер.
Талаптарға тоқталсақ:
- Біріншісі - көлік 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінуі керек;
- Екіншісі - іздеуде болмауы қажет;
- Үшіншісі - басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылған болу тиіс;
- Төртінші - кедендік тазартудан өту керек.
"Ережелер 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін күшінде болады және жеңіл автокөліктерге, шағын, орта автобустарға (толық салмағы 5 тоннаға дейін) және шағын жүк автомобильдеріне (толық салмағы 3,5 тоннаға дейін), оның ішінде оң жақты басқару органдары бар автокөліктерге қолданылады. Бастапқы тіркеуге жататын шетелдік автокөліктердің шығарылған уақытына және экологиялық сыныбына талаптар қойылмайды", – деді спикер.