Шетелдік азамат Қарағандыда есірткі зертханасын ұйымдастырған

397

22 келі “синтетика” және 2 тоннадан астам прекурсор тәркіленді

Шетелдік азамат Қарағандыда есірткі зертханасын ұйымдастырған Фото: polisia.kz

Елорда полицейлері шетелдік азамат ұйымдастырған есірткі зертханасынан 22 келі “синтетика” және 2 тоннадан астам прекурсорды тәркіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Арнайы құрылған жедел-тергеу топ, арнайы мақсаттағы бөлімшелердің жауынгерлерінің қатысуымен, Астанада және Қарағанды облысында тыйым салынған заттарды өндіру үшін елге келген Украина Республикасының 52 жастағы азаматы басқарған қылмыстық топтың 7 қатысушысын бір мезгілде ұстады. Синтетикалық есірткі жасау үшін қаскүнем Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Керней ауылында жеке үй сатып алып, Қазақстанның жеті азаматын жалдаған. Анықталғандай, ұсталғандардың әрқайсысының “қылмыстық тізбекте” өз рөлдері болған", – дейді Астана қаласы ПД бастығы Марат Төлебаев. 

Астана – Қарағанды тас жолында полицейлер қылмыстық топта тасымалдаушы болған елорданың 43 жастағы тұрғынын ұстады. Бұдан әрі жедел іс-шараларды өткізу барысында қылмыстық топ жетекшісінің өзі де есірткі дайындау кезінде қылмыс үстінде ұсталды. 

"Есірткі зертханасын тінту кезінде өндірілген “синтетиканың” 22 келісі тәркіленді, бұл тұтынушыға жетпейтін және жойылатын 100 мыңға жуық бір реттік дозаны құрайды. Сондай-ақ ол жерден екі тоннадан астам прекурсор, екі реактор, химиялық қорғаныс костюмдері және синтетикалық есірткі өндіруге арналған басқа да зертханалық жабдықтар табылды. ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Қылмыстық әрекетті ұйымдастырушы мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Синтетикалық есірткі дайындауға арналған прекурсорлар мен жабдықтарды жеткізу арналарын және өзге қатысушыларды анықтау жөніндегі жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу