Шетелдік азамат шопан болып жұмысқа орналасып, қойды рұқсатсыз сатқан

594

Түркістан облысы, Ордабасы ауданында шопан болып жұмысқа орналасқан шетелдік азамат асыл тұқымды қошқарларды сатып жіберген, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шетелдік азамат шопан болып жұмысқа орналасып, қойды рұқсатсыз сатқан Фото: inform.kz

Түркістан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Өзбекстан Республикасынан келген азамат қойшы болып жұмысқа орналасып, кейін 5 бас қошқарды таныстарына сатып жіберген. Қолға ақша тиген соң, қалған малды қараусыз қалдырып, өзі белгісіз бағытқа қашып кеткен. Бұл жайында жәбірленушіге танысы хабарласып, қойлары қараусыз жүргенін жеткізген. Мал иесі полицияға арызданған соң, тәртіп сақшылары қойшыны іздестірген. Нәтижесінде күдікті Алматы қаласына қашпақ болған жерінен ұсталды.

"Күдікті аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, жауап алынды. Оның бір жылдан бері жәбірленушінің қойларын баққаны анықталды. Қазіргі таңда күдікті азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Айғақты зат ретінде талан-таражға түскен малдар алынып, заңды иесіне қайтарылды", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу