Шетелдік топ-менеджерлер қазақстандық шенеуніктерге пара бергендерін мойындады, деп хабарлайды Atameken Business.
Монакода тіркелген консалтингтік компанияның бұрынғы басшысы қазақстандық шенеуніктерге пара бергенін мойындады. Сириус Ахсани және Саман Ахсани есімді топ менеджерлер бірқатар елде лауазымды адамдарға миллиондаған доллар пара беруге бағытталған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысқан. Бұл мәліметті РИА Новости агенттігі АҚШ Әділет министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Тізімде Қазақстан да көрсетілген. Топ-менеджердің екеуі де-Ұлыбритания азаматы. Олар басшылық еткен компания 1999-2016 жылдар аралығында энергетикалық сектор саласында кеңес беру қызметтерін көрсеткен.