Алматы облысы Қарасай аудандық сотынан қызметі мәлім еткендей, 2022 жылдың қаңтарында 44 жәбірленуші, оның ішінде Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары полиция басқармасының арнайы қабылдағышына орналастырылды.
– Сотталушылар өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, заңға қайшы әрекеттер жасады, нәтижесінде зардап шеккендер азапталды, – деп хабарлады Қарасай аудандық сотының баспасөз қызметі.
Прокурор судьядан сотталушыларды кінәлі деп танып, оларды 3 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал, қорғаушы тарап сотталушыларды ақтауды сұрады.
Сотталушылардың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен, сотта расталған және зерттелген басқа да дәлелдемелермен толық дәлелденді.
– Сот үкімімен 6 полиция қызметкері 146-баптың 1-бөлігінде (2023 жылғы 17 наурызға дейін редакцияда) және ҚК-нің 362-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша ҚК-нің 58-бабының 2-бөлігіне сәйкес әрқайсысына 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – делінген хабарламада.