Шетелдік банктер инвестицияны азайтты

1523

10 айда шетелдік банктер 227,3 млрд теңге несие берген.

Шетелдік банктер инвестицияны азайтты

Finprom.kz-тің хабарлауынша, кейінгі екі жылда шетелдік банктерден инвестиция ретінде тартылатын қарыз көлемі екі есе азайған.  

"Шетелдік банктердің Қазақстан капиталындағы үлесі – 0,1% ғана. Шетелдік банк несиелерінің 10 айдағы көлемі 227,3 млрд теңге болды. Осылайша оның көлемі 64,4%-ға кеміп отыр. Мұндай тенденция екінші жыл қатарынан орын алды",– деп жазады Finprom.kz.

Шетелдік банктердің несиесіне қайта өңдеу кәсіпорындары көбірек жүгінген. 10 айда тартылған инвестицияның 65,9%-ы, яғни, 7,7 млрд теңге солардың үлесінде. Оның 7,5 млрд теңгесін металллургияға қатысы жоқ компаниялар алған.  Жалпы өнеркәсіп саласында шетелдік банктерден алынған несиенің үлесі 4,8-дан 10,3%-ға артып отыр. 

Өңірлер арасында шетелдік банк несиесін Қызылорда, Қарағанды және Атырау облыстарының қайта өңдеуші кәсіпорындары белсенді тартқан. Қызылорда облысына шетелдік банк инвестициясының 81%-ы тиесілі.

Есімжан Нақтыбайұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу