Шетелдік басылымдар қазақтың ұлттық тағамдары адамды инсультқа шалдықтыратынын жазды

947

Ұлыбританиялық Guardian басылымы қазақтың ұлттық тағамдарындағы тұздың шамадан артық мөлшері инсульт, қан қысымының жоғарылауы сияқты ауруларға әкеп соқтыруы мүмкін екенін жазды.

Шетелдік басылымдар қазақтың ұлттық тағамдары адамды инсультқа шалдықтыратынын жазды

Басылым дерегінше, тұзды күніне 4 есе көп тұтынатын елде инсульт пен жоғары қан қысымымен ауыратындар артып жатқан көрінеді.

Еліміздегі Ұлттық нейрохирургия орталығының маманы Ержан Әділбековтің өзі "қазақтар күніне 17 грамм тұз тұтынады, ал бұл – тым көп" деп отыр.

Сондай-ақ тұзды шамадан тыс тұтыну жүрек-қан тамыр ауруларына шалдығу қаупін арттыратынын ДДСҰ Қазақстандағы кеңсесінің қызметкері Лаура Өтемісова да алға тартты.

Оның айтуынша, тамақтану жөніндегі жұмыс тобы Қазақстанда ДДСҰ ұсыныстарына сәйкес тағам өнімдерінің 100 грамында қанша тұз, қант пен май мөлшері бар екенін көрсетуді міндеттейтін алғашқы қадамдар жасаған.

Бұл ретте тамақтың құрамы бойынша ақпараттандыру кампанияларын әйелдерге бағыттау маңызды екен.

Өйткені отбасы мүшелерінің қандай тағамды ішіп-жейтінін көп ретте сол әйелдер анықтайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу