Шетелдік білім туралы құжаттарды онлайн тануға болады

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлайды. 

Шетелдік білім туралы құжаттарды онлайн тануға болады Фото: inbusiness.kz

Шет елдерінде білім алған тұлғалар "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы "Білім туралы құжаттарды тану" мемлекеттік қызметіне білім туралы құжаттарды тапсыра алады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұл қызметті "Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығы" көрсетеді.

Сонымен қатар, қызметті алу үшін eGov.kz порталына кіріп "Білім" бөлімін таңдауыңыз қажет. "Жоғары" немесе "Жоғары оқу орнынан кейінгі білім" бөлімінде қажетті қызметті таңдау керек. Әрі қарай, порталға кіріп, "Қызметке онлайн тапсырыс беру" түймесіне өтуіңіз тиіс. Осыдан кейін, "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану", "Білім туралы құжаттарды тану туралы куәліктің телнұсқасы" қызметтерінің иесі туралы негізгі мәліметтерді енгізіп, барлық қажетті құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін тіркеп, қызметке ақы төлеп, ЭЦҚ көмегімен қол қою қажет.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі шетелдік білім туралы құжатты электронды түрде тану туралы куәлік немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу