Шетелдік білім: жастар қайда білім алуды қалайды?

583

Қазіргі таңда жастар арасында шетелде білім алуға сұраныс жоғары.   

Шетелдік білім: жастар қайда білім алуды қалайды? Фото: РБК

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің дерегіне сенсек, жыл сайын 80 мың адам шетелге оқуға кетеді. Министр Саясат Нұрбектің сөзінше, мыңға жуық студент "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбритания мен өзге де Еуропа елдерінде білімін алуда. Жас түлектердің арасында АҚШ-қа қызығушылық танытып жатқандар көп, онымен бірге Оңтүстік Корея мен Гонконгте біздің мыңға жуық студентіміз оқиды. Жастардың жаппай  шетелге қызығуына не себеп?  Отандық білім беру жүйесіндегі мәселелер қандай? Бұл сұрақтар төңірегінде Nobilis академиясының негізін қалаушы және директоры Аружан Ерболатқызымен сұхбаттасып көрдік.
 
*Nobilis Академиясы: Шетелде білім алудың жолын ашатын орталық.
Академия оқушыларды IELTS, SAT, TOEFL сияқты халықаралық емтихандарға дайындап, баланың шетелге оқуға түсуі үшін толық дайындайды.

Неліктен қазіргі кезде көп оқушылар шетелдік университеттерді таңдайды?

- Соңғы үш жылда шетелде білім алу трендке айналғандай. Бұрын бұл ақпарат кеңінен жария етілмегендіктен, адамдар оның мүмкіндіктерін білмейтін. Шетел алыста, қолжетімсіз болып көрінетін. Қазіргі әлеуметтік желілер дамыған заманда бұл стереотип жойылды.  Алдын-ала дайындалса, шетелде тегін білім алып, тіпті стипендия алуға болатын мүмкіндіктері бар. Шетелдік дипломдар бүкіл әлем бойынша қабылданады. Шетелде оқыған түлектер халықаралық компанияларда тәжірибе жинайды, сондықтан олар қайда болса да, жұмыссыз қалмайды. Сондықтан болар, сырт асып білім алам деушілердің қарасы қалың.

Шетелге оқуға түсу қиын ба?

Әркімге әрқалай әрине. Шетелде оқуға түсу үшін кем дегенде ағылшын тілінде С1 деңгейінде меңгеру керек, ол IELTS 6,5 және SAT 1300+ нәтижелерін қажет етеді. Қазіргі уақытта шетелде тек байдың балалары оқиды деген түсінік кең таралған. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды. Жақсы дайындалған студенттер ғана шетелдік университеттердің гранттары мен стипендияларын ала алады. Бәріне тең мүмкіндіктер берілген. Ең бастысы – еңбек етіп, оқуға талпыну.

Шетелдегі білім берумен Қазақстандық білім берудегі қандай айырмашылықтар бар?

Әрине отандық білім беру моделін тіптен осал деп айта алмаймыз. Сапалы білім беретін ұлттық ЖОО-дары мен жеке университеттер бар, жоқ емес.  Алайда,  шетелдегі ЖОО білім деңгейі бөлек. Көпшіліктің қызығатыны да содан. Сәйкесінше талап та жоғары. Оқысаң, білім іздеп барсаң қалауың орындалады. Екіншіден, адамның дүниетанымы өзгереді, қарым-қатынас дағдылары дамиды. Үйден жырақта жүрген соң, жаңа орта қалыптастырады.  Тұлғалық және кәсіби дамуына үлкен әсер етеді. 

Шетелдегі гранттар мен Қазақстандағы гранттардың айырмашылығы қандай?

Шетелдегі гранттар стипендиямен және стипендиясыз болуы мүмкін. Кейбір гранттар бір жылдық төлемнің жартысын жеңілдікпен төлеу мүмкіндігі бар. Біз осындай жеңілдіктерді алу үшін жас түлектерге көмектесеміз.

Көбіне қай елдерге сұраныс көп?

Біздің академияның оқушылары Америка, Италия, Чехия, Түркия және Малайзия сынды бағыттарды қарастырады. Оған бірнеше себеп бар. Ең әуелі әрине аталған елдердегі гранттардың көп болуы, онымен қоса өмір сүруге ыңғайлылығы маңызды рөл атқарады. Осы талаптарды негізге ала отырып студенттер өзіне қажетті бағытты таңдайды.

ҰБТ баллдары шетелге оқуға түсер кезде әсер ете ме?

Бізге келгендегі негізгі сұрақтардың бірі. ҰБТ біршама түлек үшін стресс. Сондықтан ондай жастарға айтарым, ҰБТ-мен өмір шектелмейді. Біршама бағдарламалар бар, сол арқылы оұуға түсуге мүмкіндіктеріңіз бар. Егер оқушы Қазақстанда қалғысы келсе, SAT тестін ҰБТ-нің орнына қолдана алады. Сонымен қатар, біз оқушыларды Назарбаев Университетіне түсуге де дайындаймыз. 

Шет елдерде студенттер айына орташа есеппен қанша ақша жұмсайды? 

Еуропада өмір сүру шығындары 300-400 евро, Америкада 500-600 доллар шамасында. Азық-түлік үшін де шамамен осындай мөлшерде ақша кетеді. Студенттер шетелде оқудан тыс жұмыс істей алады, бұл рұқсат етілген.

Академияның қызмет құны қандай?

Бізде тоғыз айлық толық оқу бағдарламасы. Тоғыз ай бойы біз бәрін үйретеміз. Барлық қажетті құжаттармен және басқа да шығындармен бірге 1 000 600 теңге, яғни тоғыз айлық жеңілдікпен бұл шамамен айына 200 000 теңге. Сіз барлық емтихандар бойынша 540 сағаттық білім алумен қатар, кәсіби бағдар беру, сондай-ақ психолог қызметтерін де тұтынасыз . Сонымен қатар, университетке түсуге дайындық, қаржылық сауаттылық, шешендік өнер де бар. 

Шетелге оқуға түсетін қандай бағдармалар бар?

Негізі әр елдің өз бағдарламасы бар. Мысалы, Нидерландыда қазір жастарға алғашқы екі жылды тегін, стипендиямен, және келесі екі жылды жай ғана тегін оқуға мүмкіндік беретін бағдарлама бар.

Тілдік курстарды өтпей шетелге оқуға түсу мүмкіндігі бар ма?

Иә, егер сіз бірінші курста тілді білмей оқығыңыз келсе, тілдік курстарға түсуге болады. Мысалы, Қытайға немесе Оңтүстік Кореяға барып, тілдік курстарда оқи аласыз. Бұл курстар сізді емтиханға және оқу жылына дайындайды. 

Кемшілігі неде? Бұл жерде басты кемшілік – сіз толық бір жыл үшін төлеуіңіз керек. Бұл төлемге тілдік курстардың бағасы, жол жүру шығындары, тұру және тамақтану шығындары кіреді. 

Көптеген шетелдік университеттер foundation, яғни 1 жылдық оқу бағдарламасын талап етеді.  Ол үшін ақша сұрайды. Ал бізбен бірге оқушы бір жылдық оқуын үнемдейді. Себебі біз жаңа айтып кеткендей баланы толық дайындаймыз, соның ішінде foundation-ге..

Мектепті енді бітірген оқушыларға қандай кеңес берер едіңіз?

Мектепті бітірген әрбір оқушы бұл шектеу емес екенін білуі керек. Бұл жаңа мүмкіндіктердің бастамасы ғана. Әрдайым өзіңізді жетілдіріп, жаңа дағдылар мен білім алуға ұмтылу керек. Мектеп бітіргеннен кейін шетелде оқу мүмкіндігі бар екенін ұмытпаңыз. Біз сізге бұл жолда көмек көрсетуге дайынбыз, шетелдегі университеттерге түсу үшін қажетті ақпарат пен қолдау ұсынамыз.

Nobilis Академиясы туралы толық айтып кетсеңіздер

Біздің академиямыз шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге арналған білім беру мектебі. Бізде РФМШ және НИШ оқушылары білім алады. Сонымен қатар, бізде Назарбаев университетімен ынтықтығымыз бар. Биохим, медицина таңдаған оқушылар сол жерде тағылымдама өте алады. Сондай-ақ, біз басқа қалалардан да оқушыларға  толық портфолио, виза, консультация жасаймыз. 

Біздің Мектеп емтиханға дайындық қызметтерін ұсынады ол IELTS, SAT, TOEFL, және т.б. Сонымен қатар біз балаға портфолио дайындаймыз, ол мотивациялық хат, профессорлардың ұсыныс хаттары. Бұл балаға жақсы портфолио үшін бар қажет нәрсе.

Бізде ғылыми мақалалар, ғылыми зерттеулер, ғылыми жобалар бар. Сондай-ақ, бізбен бірге бала қайырымдылықпен, еріктілікке қатысады. Біздің оқытушыларымызда сегіз жылдық тәжірибелері бар.

Біздің артықшылығымыз ол кәсіптік бағдар беру. Біз баланы толық дайындаймыз. Ол бағдар берушімен сессиядан өтеді, тест тапсырады, мамандықты анықтайды, кейін біз ел туралы шешім қабылдаймыз. Біз бірден 20 университетке ұсыныс жасаймыз. Басқа ешқандай академияда осындай ұсыныс жоқ. Бізде неміс тілі, ағылшын тілі, итальян, түрік, жапон, қытай тілдері бар. Яғни, біз Еуропамен, Азиямен және Америкамен ынтымақтасамыз. Біз тек қана бакалавр емес, магистратураға да дайындаймыз.

Ата-аналарға қандай кеңес бересіз?

Шетелде оқу балаңызға өз бетінше өмір сүруді және жауапкершілікті сезінуді үйретеді. Бұл - олардың жеке дамуы үшін маңызды қадам. Сондықтан, балаларыңызды жіберуден қорықпаңыз. Бұл оларға үлкен өмірлік тәжірибе жинауға көмектеседі.

Соныңда кәсіптік бағдар беру туралы айтып кетсеңіздер, бұл қаншалықты маңызды?

Бұрын, Кеңес Одағы кезінде, яғни ата-аналарымыз тек қана сұранысқа ие, өздеріне ұнамайтын мамандықтарды таңдайтын: медицина, педагогика, заңгерлік және тағы сол сияқты. Сондықтан қазір көбісі сол мамандықтар бойынша жұмыс істемейді. Бүгінгі күні жаңа мамандықтар пайда болды, мысалы, СММ-менеджерлер, маркетологтар және тағы басқа. Қазіргі уақытта кәсіптік бағдар беру өте маңызды. Уақыт өзгеруде, және балаларға өздері қалаған мамандықты дұрыс таңдау үшін көмек көрсету қажет. Болашақта бізде өз ісін жетік білетін жақсы мамандар болуы үшін, балалар қайда оқуға түсетінін біліп, сол жолда дұрыс бағыт алу керек. Бұл оларға өз саласында кәсіби маман болуға көмектеседі. Мысалы, қазіргі мобилограф, СММ мамандары өз бетімен үйренуде, ал шын мәнінде бұл салада арнайы білім алу қажет. Сондықтан, кәсіптік бағдар беру  балаларға болашақ мамандықтарын дұрыс таңдау үшін және оларға өз жолдарын табу үшін қажет.. Бұл біздің қоғамымызға білікті мамандарды қалыптастыруға көмектеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу