Шетелдік ғалымдар бөкендердің қырылу себебін анықтауда

997

Шетелдік ғалымдар бөкендердің қырылу себебін анықтауда

Германия және Ұлыбританияның ғалымдары Қостанай облысындағы "Алтын дала" табиғи резерватындағы ақбөкен төліне зерттеу жүргізді. Аталмыш шара 2015 жылғы жануарлардың пастереллезден жаппай қырылуына байланысты жасалды, деп хабарлайды alau.kz.

Қазақстандық және  шетелдік ғалымдар бұл ауру бактериясының қауіпті сатыға өтуінің себебін анықтауға тырысты.

Корольдік мал дәрігерлік колледжінің профессоры Ричард Кок 2015 жылы 200 мыңға жуық бөкен қырылған кезде Қазақстанға келген болатын. Оның пайымдауынша, бөкендердегі залалсыз бактериялар қоршаған ортаның жылуына байланысты өлтіргіш  патогендерге ауысқан.

"Кез келген бактерия ылғалдылықты ұнатады. Ылғалды климатта олар бірден өсіп шыға келеді. Қазақстанның ауа райы негізі құрғақ, алайда ылғалдылық шамадан тыс жоғарылағанда кері әсерін тигізуі мүмкін", — дейді Ричард Кок.

Профессордың айтуынша, ауа райы қазақстандық бөкендердің тұтастай жойылуына алып келуі әбден мүмкін. Франкфурт зоологиялық қоғамынан келген оның әріптесі Штеффен Цутер де зерттеушілер тобының құрамында. Олар мамыр айының басынан бастап, қазіргі уақытта ең көп бөкендер  популяциясы мекендейтін Батыс Қазақстан облысында жұмыс жүргізіп жатыр. Ондағы оралдық бөкендердің саны 70 мыңнан асады. Алайда, биылғы жылы табиғи резерватқа 2 мыңға жуық бөкен келгендіктен, ғалымдар зерттеу жұмыстарын аяғына дейін жеткізе алған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу