Шетелдік инвесторлар қай салаларға көп қаржы салады?

1136

Коронавирус пандемиясы Қазақстан экономикасының 2,6% төмендеуіне алып келді. Соған қарамастан әлемдік деңгейде және ірі державалармен салыстырғанда көрсеткіштер анағұрлым жоғары. 

Шетелдік инвесторлар қай салаларға көп қаржы салады?

Мәселен Халықаралық валюта қорының мәліметтеріне сүйенсек, COVID-19 салдарынан жаһандық жалпы ішкі өнім 4,4%, қысқарған, оның ішінде АҚШ экономикасы 4,3%, Үндістанда — на 10,3%, Жапонияда — 5,3%, Германияда — 6%, Ресейде — 4% төмендеген. 

Ал елімізде пандемияның жағымсыз салдарын азайтуда экономиканы қолдау шаралары, шикізатқа қатысы жоқ салалардағы инвестициялық белсенділік, экономиканы несиелеу көрсеткішінің жоғарылауы сынды факторлар әсер етті, деп хабарлады ranking.kz. 

2020 жылы шынайы сектордың 2% ілгері жылжуы экономиканың қозғаушы күшіне айналды. Оның ішінде құрылыс саласы 11,2%, ақпарат және байланыс секторы — 8,6%, ауыл шаруашылығы — 5,6%, өңдеуші өнекәсіп — 3,9%, білім саласы — 2,3%-ға өсті. Осылайша экономикада жағымды өзгерістер байқалады. 

Сонымен қатар былтыр өндіріс саласындағы қайта өңдеу саласының үлесі 
39,4%-дан 48,8%-ға артты. Бұған қоса жеңіл өнеркәсіп, дайын метал өнімдерін шығару секторы да жақсы нәтиже көрсетті. 
Өңделген, дайын тауарлар экспорты да артты. 

Бұдан бөлек шикізаттық емес сектор елге инвестиция тартудың көзіне айналды. Яғни, тау-кен саласын қоспағандағы негізгі капиталға құйылған инвестиция бір жылда 14,8% өскен.

Сонымен қатар былтыр ауыл шаруашылығы саласына құйылған қаржы көлемі 33,3% немесе 12,8 млн долларға артты, ақпарат және байланыс саласына құйылған инвестиция 50,9% немесе 111,6 млн долларға жетті. Ал тамақ өнімдері мен сусындар өндірісі 47,1%-ға өсіп, инвестиция 164 млн долларды құрады. Тек 2020 жылдың қазан айынан бастап елімізде шетелдік инвесторлардың қатысуымен 
200 жоба жүзеге асырылды. Оның басым бөлігі ауыл шаруашылығы, машина жасау, мұнай-газ және химия саласына қатысты. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу